Варочные панели Miele — электрические и индукционные модели - новости официального интернет-магазина бытовой техники Miele

Miele пісіру панельдері: электрлік және индукциялық модельдерге шолу

15.10.2026
  
Мақалалар
Miele пісіру панельдері: электрлік және индукциялық модельдерге шолу

Miele пісіру панельдері – ойластырылған дизайнның, заманауи технологиялардың және күнделікті пайдалануға арналған функционалдылықтың үйлесімі.Өнім ассортиментінде HiLight технологиясымен жабдықталған электрлік шыны керамикалық панельдер және басқару мүмкіндіктері мен қосымша функциялары әртүрлі индукциялық модельдер ұсынылған.
Панельдер қыздыру принципімен ғана емес, сонымен қатар конфоркалар санымен, басқару тәсілімен, қыздыру аймақтарын біріктіру мүмкіндіктерімен және жабдықталу деңгейімен де ерекшеленеді.
Miele Kazakhstan каталогында ұсынылған Miele пісіру панельдерінің ерекшеліктерін және таңдау кезінде нелерге назар аудару керектігін қарастырайық.

1. Miele HiLight электрлік пісіру панельдері

6520.jpg

Miele электрлік шыны керамикалық панельдері HiLight қыздыру элементтерімен жабдықталған. Олар жылуды ыдысқа біркелкі жеткізіп, әртүрлі тағамдарды ыңғайлы дайындауға мүмкіндік береді.

Модельге байланысты панельдер дизайны, конфоркалар саны, басқару түрі және қосымша функциялары бойынша ерекшеленеді.

Miele электрлік панельдерінің негізгі ерекшеліктері:

  • тегіс шыны керамикалық бет;
  • қыздыру деңгейін реттеуге арналған бірнеше қуат деңгейі;
  • модельге байланысты ыңғайлы сенсорлық басқару;
  • қалдық жылу индикаторлары;
  • тағам дайындауды жеңілдететін қосымша функциялар.

Miele Kazakhstan сайтында қандай электрлік панельдер ұсынылған?

Каталогта келесі модельдерді кездестіруге болады:

 Модель   Класс      Сипаттамасы
 KM6520 FL 
 Silver   4 конфорка, олардың біреуі кеңейтілетін қыздыру аймағымен
 жабдықталған (12/21 см), жақтаусыз дизайн
 KM6520 FR  Silver  4 конфорка, олардың біреуі кеңейтілетін қыздыру аймағымен
 жабдықталған (12/21 см), тот баспайтын болаттан жасалған жақтауы бар
 KM6540 FR  Gold  4 конфорка, оның ішінде 2 кеңейтілетін қыздыру аймағы бар.
 Біреуі сопақша пішінді болып, үйрек немесе қаз қуыратын ыдыстарға арналған.
 Тот баспайтын болаттан жасалған жақтауы бар
 KM6522 FR   Silver  4 конфорка, кеңейтілетін дөңгелек қыздыру аймағы (12/21 см) және
 сопақша қыздыру аймағы (17 × 29 см дейін), тот баспайтын болаттан
 жасалған жақтауы бар.
 KM6542 FL   Gold  4 конфорка, кеңейтілетін дөңгелек және сопақша қыздыру аймақтарымен
 жабдықталған (17 × 29 см дейін), жақтаусыз дизайн
 KM6542 FR  Gold  4 конфорка, кеңейтілетін дөңгелек және сопақша қыздыру аймақтарымен
 жабдықталған (17 × 29 см дейін), тот баспайтын болаттан жасалған жақтауы бар
 KM6565 FR  Platimum   4 конфорка, оның ішінде ExtraSpeed үш контурлы конфоркасы және сопақша
 ыдыстарда пісіруге арналған кеңейтілетін қыздыру аймағы бар.
 Тот баспайтын болаттан жасалған жақтаумен жабдықталған


Модельдер орындалу стилімен, дизайнымен және функционалдық мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. Таңдау кезінде басқару жүйесіне, конфоркалардың конфигурациясына және нақты модельдің қосымша функцияларына назар аударған жөн.
Мысалы, KM 6520 FL — Silver санатындағы модель. Ол дәстүрлі қыздыру принципімен жұмыс істейтін классикалық шыны керамикалық панель іздейтін пайдаланушылар үшін қолайлы.
KM 6540 FR және KM 6542 FL модельдері Gold санатына, ал KM 6565 FR моделі Platinum санатына жатады.
Miele-дің маркетингтік санаттары модельдердің жабдықталу деңгейін, дизайн ерекшеліктерін және өнім желісіндегі орнын оңай бағалауға мүмкіндік береді.

2. Miele индукциялық пісіру панельдері

km 7575.jpg

Miele индукциялық панельдері тағам дайындауды жылдам, ыңғайлы және дәл ететін технологиялар мен интеллектуалды функциялардың кең таңдауын ұсынады.
Модельге байланысты жедел қыздыру, конфоркаларды біріктіру, жылуды сақтау, ыдысты автоматты түрде анықтау және температураны бақылау функциялары қолжетімді.

Енді Miele индукциялық панельдерінде қолданылатын негізгі технологияларды қарастырайық.

PowerFlex — қыздыру аймақтарын біріктіру технологиясы 
PowerFlex технологиясы екі көршілес индукциялық аймақты бір үлкен қыздыру аймағына біріктіруге мүмкіндік береді.
Бұл әсіресе үлкен көлемді ыдыстарды, сопақша қуыру ыдыстарын немесе тікбұрышты пісіру қалыптарын пайдаланған кезде өте ыңғайлы.
Мысалы, KM 7564 FL моделінде төрт индукциялық конфорка қарастырылған, олардың екеуін PowerFlex аймағына біріктіруге болады.

Booster және TwinBooster — жедел қыздыру функциялары

twinbooster.jpg

Бұл функциялар ыдысты қысқа уақыт ішінде қыздыру немесе суды тез қайнату қажет болған жағдайларға арналған.

  • Booster функциясы таңдалған қыздыру аймағының қуатын белгілі бір уақытқа арттырады.
  • TwinBooster функциясы қосымша қуатты қыздыру аймақтары арасында қайта бөліп, одан да жоғары өнімділікті қамтамасыз етеді.

Бұл функциялар пастаға арналған суды тез қайнату, сорпа дайындау немесе үлкен кастрөлді жылдам қыздыру қажет болған кезде әсіресе ыңғайлы.

SmartSelect — ыңғайлы басқару жүйесі

smartselect.jpg

SmartSelect жүйесі әрбір конфорканың қуат деңгейін сандық шкала арқылы оңай таңдауға мүмкіндік береді.

Басқару интуитивті түрде түсінікті: қажетті қыздыру деңгейін бір ғана жанасумен орнатуға болады..

TempControl — пісіру температурасын бақылау
Miele индукциялық панельдерінің кейбір модельдерінде TempControl технологиясы қарастырылған. Ол табаның белгіленген температурасын тұрақты деңгейде ұстап тұруға көмектеседі.
Бұл әсіресе қуыру кезінде пайдалы: технология шамадан тыс қызудың алдын алып, тағам дайындау нәтижесін анағұрлым тұрақты әрі болжамды етеді.

FullSurface — ыдысты орналастыру еркіндігі

fullsurface.jpg

Белгіленген қыздыру аймақтары бар дәстүрлі панельдерден айырмашылығы, FullSurface технологиясы ыдысты жұмыс бетінің кез келген жеріне дерлік орналастыруға мүмкіндік береді.

Панель ыдыстың орналасуын автоматты түрде анықтап, сәйкес басқару элементтерін көрсетеді. Бұл әртүрлі көлемдегі бірнеше ыдыста бір уақытта тағам дайындаған кезде өте ыңғайлы.

3. Қандай Miele индукциялық панелін таңдаған дұры?
Miele Kazakhstan каталогында әртүрлі жабдықталу деңгейіндегі индукциялық пісіру панельдері ұсынылған.

Ұсынылған модельдер:

 Модель   Класс   Сипаттамасы   
 KM7361 FL   Silver   4 индукциялық конфорка, ені 620 мм, жақтаусыз дизайн,
 ComfortSelect басқару жүйесі.
 KM7361 FR  Silver  4 индукциялық конфорка, ені 626 мм, тот баспайтын
 болаттан жасалған жақтау, ComfortSelect басқару жүйесі
 KM7464 FR  Gold  4 конфорка, 1 PowerFlex аймағы (екі қыздыру аймағын біріктіру мүмкіндігі),
 TwinBooster функциясы, тот баспайтын болаттан жасалған жақтау, ені 626 мм
 KM7466 FL
 125Edition
 Gold  4 конфорка, 1 PowerFlex аймағы, TwinBooster функциясы, жақтаусыз дизайн.
 Арнайы 125 Edition мерейтойлық моделі
 KM7414 FX  Gold  Қайнауды автоматты түрде реттеу функциясы бар 4 индукциялық конфорка,
 олардың екеуін бір PowerFlex аймағына біріктіруге болады    
 KM7564 FL  Gold  Қайнауды автоматты түрде реттеу функциясы бар 4 индукциялық конфорка,
 олардың екеуін бір PowerFlex аймағына біріктіруге болады
 KM7575 FR  Gold  6 конфорка, 3 PowerFlex аймағы, тот баспайтын болаттан жасалған жақтау.
 Бір уақытта бірнеше тағам дайындауға арналған
 KMDA7473-1 FL   Gold  Кіріктірілген сору жүйесі бар индукциялық панель. Тағам дайындау мен буды
 сорып шығаруды бір құрылғыда біріктіреді
 KM7677 FR  Platinum  Ені 806 мм, тұтас FullSurface қыздыру аймағы, ыдысты еркін орналастыру
 мүмкіндігі және ыдысты автоматты түрде тану функциясы
 KM7684 FL  Platinum   Панорамалық дизайн, 2 PowerFlex аймағы, тағам дайындауға арналған
 ұлғайтылған жұмыс беті
 KM7679 FR  Platinum  4 индукциялық конфорка, пісіру температурасын бақылауға арналған
 TempControl функциясы, тот баспайтын болаттан жасалған жақтау
 KM7697 FR  Platinum  Ені 942 мм, тұтас FullSurface қыздыру аймағы, 6 ыдысқа дейін орналастыру
 мүмкіндігі, SmartSelect басқару жүйесі, тот баспайтын болаттан жасалған жақтау
 KM7897 FL  Platinum  Ені 936 мм, тұтас FullSurface қыздыру аймағы, ыдысты интеллектуалды түрде
 тану функциясы, Diamond премиум дизайны

Miele KM 7564 FL
Бұл модель күнделікті тағам дайындауға арналған функционалды индукциялық панель іздейтін пайдаланушыларға жарайды.
Төрт конфорка, екі PowerFlex аймағы, SmartSelect басқару жүйесі, сондай-ақ Booster және TwinBooster функциялары әртүрлі көлемдегі ыдыстарды ыңғайлы пайдалануға және қыздыру қарқындылығын жылдам реттеуге мүмкіндік береді. Қосымша түрде Stop&Go, жылуды сақтау және таймер функциялары қарастырылған.


Miele KM 7575 FR
Бұл модель бір уақытта бірнеше тағам дайындайтын пайдаланушыларға арналған.
Оның негізгі ерекшелігі – үш PowerFlex аймағына біріктіруге болатын алты индукциялық конфорка. Бұл бірнеше кастрөл мен табаны, соның ішінде үлкен көлемдегі ыдыстарды қатар пайдалануға мүмкіндік береді. Панель SmartSelect басқару жүйесімен, Booster, TwinBooster және жылуды сақтау функцияларымен жабдықталған.

Miele KM 7677 FR, KM 7684 FL и KM 7697 FR
Бұл модельдер Platinum санатына жатады және Miele индукциялық панельдерінің премиум сегментін білдіреді.
Таңдау кезінде олардың конфигурациясын, басқару технологияларын, қосымша функцияларын және орнату нұсқаларын салыстырған жөн.
Сондай-ақ тағам дайындау температурасын бақылауға арналған TempControl технологиясымен жабдықталған KM 7679 FR моделі ерекше назар аударыңыз.

4. Асүйіңізге арналған Miele пісіру панелін қалай таңдауға болады?

Таңдау тағамды қаншалықты жиі дайындайтыныңызға, қандай ыдыс қолданатыныңызға және күнделікті өмірде қай функциялардың сіз үшін шынымен маңызды екеніне байланысты.

Егер сізге дәстүрлі электрлік панель қажет болса, HiLight желісіндегі модельдерге назар аударыңыз. Бұл – үйреншікті қыздыру қағидасына негізделген және әртүрлі ыдыспен үйлесімді практикалық шешім.

Егер жылдамдық пен ыңғайлылық маңызды болса, индукциялық панельдерді қарастырған жөн. Олар жылдам қыздыруды, қуатты дәл реттеуді және жеңіл күтім жасауды қамтамасыз етеді.
Егер үлкен көлемдегі ыдысты жиі пайдалансаңыз, PowerFlex технологиясымен жабдықталған модельдерге назар аударыңыз.
Егер ыдысты орналастыруда көбірек еркіндік қажет болса, FullSurface технологиясы бар модельдерді таңдаңыз.
Егер тағам дайындағанды ұнатсаңыз және қуыру кезінде дәлдікті ерекше бағаласаңыз, TempControl технологиясына назар аударыңыз.

Сатып алмас бұрын құрылғының өлшемдерін, кіріктіру ойығының параметрлерін, электр желісіне қосу талаптарын және орнату ерекшеліктерін тексеру де маңызды.

Қорытынды
Miele пісіру панельдері әртүрлі аспаздық әдеттер мен заманауи асүй талаптарына сәйкес келетін шешімді таңдауға мүмкіндік береді.
HiLight электрлік панельдері дәстүрлі қыздыру тәсілін ұнататын пайдаланушыларға қолайлы болса, индукциялық панельдер тағамды жылдам, дәл әрі ыңғайлы дайындау үшін кең мүмкіндіктер ұсынады.
Miele Kazakhstan ұсынатын пісіру панельдерінің толық ассортиментімен танысып, өз қажеттіліктеріңізге мінсіз сәйкес келетін модельді таңдаңыз.